Қазіргі таңдаға бейбіт өмір сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ардагерлеріміздің жанкешті ерлігінің арқасында келген асыл дүние. Бүгін Медеу ауданының Ардагерлер кеңесіне арналған қаржылай сертификат табыстадық. Басқосуға Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, құрметті ақсақалымыз Ким Серікбайұлы қатысты. №5 Қалалық клиникалық аурухананың ұжымы және “Жәрдем” бастауыш партия ұйымының белсенділері аға буын өкілдеріне зор денсаулық, Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің жұмысына табыс тіледі. Өз ретінде Ким Серікбайұлы “Жәрдем” бастауыш партия ұйымымен тұрақты түрде бірлескен игі шараларды жүзеге асырып келе жатқандығын тілге тиек етіп, №5 Қалалық клиникалық аурухана ұжымына алматылықтардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмысына қажымас қайрат тіледі. Біз ардагерлеріміздің ерлігі мен ерен еңбегін үлгі тұтамыз және бас иеміз.
Старшее поколение в годы Великой Отечественной войны отстояло нашу с вами свободу. Наши аксакалы всегда принимают активное участие в развитии страны и в воспитании молодежи в духе казахстанского патриотизма. Мы приклоняем головы перед ветеранами. Сегодня мы вручили денежный сертификат Совету ветеранов Медеуского района. В мероприятии принял участие председатель Совета ветеранов Медеуского района, наш уважаемый аксакал Ким Серикбаевич. Коллектив Городской клинической больницы №5 и активисты первичной партийной организации «Жардем» пожелали крепкого здоровья и плодотворной работы Совету ветеранов Медеуского района. Ким Серикбаевич пожелал стойкости и результативности коллективу ГКБ №5 в работе по обеспечению и защите здоровья алматинцев.