Наиля Мәлікқызы– Алматы қаласының бас штаттан тыссурдологы
№5 Қалалық клиникалық ауруханасы негізінде Сурдо-фониатриялық орталық қызмет көрсетеді және тек Алматы қаласының тұрғындары ғана емес, Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінде тұратын науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі. Қабылдау жүргізетін сурдопедагогтар ересектерге және балаларға көмек көрсетеді.
Ересектерге арналған жалғыз жалпы қалалық сурдологиялық кабинет Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасының 1976 жылдың 3 қыркүйегінде № 104 бұйрығымен ашылған, оның мақсаты «сөйлеу қабілеті бұзылған және есту патологиясы бар жасөспірімдер мен ересек тұрғындарға арнайы мамандандырылған сурдологопедтік көмек көрсету» болып табылады.
Осы кезде кабинет сурдофониатриялық орталықтың құрамында қызмет көрсетіп, мынадай мақсаттарды орындайды:
- Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу; есту органдарының патологиясы кезінде ауыруды және мүгедек болуды азайту;
- Алматы қаласының ересек тұрғындарының есту этимологиясын, патологиясын зерттеу;
- Замани зерттеу әдістерін қолдана отырып, сурдологопедиялық бейіндегі науқастарға кеңес беру-диагностикалық көмек көрсету;
- Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған, есту қабілеті төмендеген тұлғаларды сауықтыру.
- Қазақстан Республикасында саңыраулықтан зардап шегетін адамдардың саны 100000 асады, олардың 13000 – балалар.
- 1000 жаңа туған нәрестенің арасынан 1 бала тас керең болып туады.
- Өмірінің бірінші 2-3 жылында тағы 2-3 бала есту қабілетінен айырылады.
- 45-тен 64 жасқа дейінгі адамдардың 14%және 65 жастан асқан адамдардың 30% есту қабілетінің төмендеуі байқалады.
- ДДҰ мәліметтері бойынша жер шарындағы адамдардың 30% есту патологиясынан зардап шегетін болады. Осы кезде ересектер мен балаларды сауықтыру саласында үлкен өзгерістер болды
Міне, бүгінгі таңда ю№5 ҚКА ересектер мен балалардың, соның ішінде шала туған балалардың, есту қабілетінің бұзылуының диагностикасының объективті әдістері қолданыла бастады.
Біздің дәрігерлеріміз сурдология бойынша бастапқы маманданымдарынМәскеу және Санкт – Петербург ғылыми-зерттеу институттарында өткен. 2008,2009,2010 жылдары Германияда (Вюрцбург қ.), Австрияда (Инсбрук қ.)аудиологияжәне фониатрия бойынша арнайы оқудан өтті.
2007 жылдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен кохлеарлық имплантация бойынша бағдарлама іжүзеге асырылып жатыр
- №5 ҚКА негізінде 153 емделушіге операция жасалды;
- 1 топ – 3 пациент (2007 жыл)
- 2 топ- 10 пациент( 2008 жыл)
- 3 топ- 20 пациент ( 2009 жыл)
- 4 топ-40 пациент (2010 жыл)
5 топ -80 пациент (2011 жыл)