№ 5 ҚКА қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі. Аханов Серікболсын Абдахметұлы 1964 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Қарағаш ауылында дүниеге келген.
1976 – 1982 жалдар аралығында Қарағаш ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінде оқыған.
1982 – 1984 жылдары КСРО қарулы күштер қатарында қызмет етті.
Әскерден кейін 1984 – 1986 жж “Аягөз” бірлестігі РайСпецХозда жұмыс істеді.
1986 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина Институты стоматология факультетіне оқуға қабылданды. Институттағы оқуын Алматы қ. № 5 ҚКА қабылдау бөлімшесіндегі жұмыспен бірге алып жүрді. 1993 жылы институтты бітіргеннен кейін № 5 ҚКА қабылдау бөлімшесінің дәрігер лауазымға ауыстырылды.
2000 жылдан бері № 5 ҚКА қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “Алтын дәрігер”, “Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” атты төс белгілермен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Жоғары аттестаттау комитетінің шешімімен 2004 жылғы 22 қазандағы (№12 хаттама) Аханов Серикболсын Абдахметұлына ” Жақ-бет хирургия клиникасындағы госпиталдық инфекция, және оның алдын алу жолдары ” тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді. Үйленген, үш баласы бар.
Қабылдау бөлімшесі МҚКК “№5 ҚКА” – ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, себебі, шұғыл және жоспарлы науқастарды қабылдау жүзеге асырылады.Қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта үлгі корпуста орналастырылған.
Қабылдау бөлімшесінде, ҚР Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2136 «ҚР Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы» ҚР Үкіметінің 04.08.2009 ж. №1174, 19.11.2009 ж. № 1887 «Азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беру ережесін бекіту туралы» қаулысы , 19.11.2009 ж № 1888 « Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша жүргізілетін медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы » қаулысына сәйкес, ЛОР және жақ-бет аймағының жарақаттарымен келген барлық науқастарға тәулік бойы жедел хирургиялық, мамандандырылған медициналық, сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарына шұғыл стоматологиялық көмек көрсетіледі .Оңалту кабинетінде стационарлық хирургиялық араласудан кейін қайталап қабылдау жүргізіледі. Жануарлардың адамдарға қатысты тістеу жатақаттары, тырнау, сілекейленумен келген азаматтарға антирабичтік көмек көрсетіледі, сондай – ақ тәулік бойы құтыруға қарсы емдеу-профилактикалықіс – шаралары жүргізіледі. Бұл үшін антирабиялық вакциналарды сақтауға арналған, тоңазытқышпен жабдықталған және жарақтандырылған арнайы кабинет бар .