2003-2008 жж. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.
2008-2009 жж аралығында ҚазҰМУ негізінде «стоматология» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
2009 жылдан бастап осы күнге дейін №5 Қалалық клиникалық ауруханасында еңбек етеді..
2011 ж АМДБЖИ негізінде «Бет-жақ хирургиясы» тақырыбы бойынша біліктілік жетілдіру курсына қатысты.
2012 жылдан бастап дәрігер бет-жақ хирург.
Бет әлпетінің және жақ сүйегінің патологиясы бар науқастарды сауықтыруға жауапты дәрігер.
Бет-жақ патологиясы бар науқастарға шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің, сондай-ақ құрылымдау операциялардың барлық әдістерін жетік меңгерген.
Науқастарды сауықтырудың әдістерін меңгеріп, әрі қарай модернизациялайды. Жұмыс барысында көптеген семинарлар мен таяудағы және қиырдағы шетел мамандарының шебер-кластарына қызыға қатысады.
2012 ж Стамбулуниверситетінде профессора Оздемир Тайфун«Дентальды имплантология» бойынша шебер-класына қатысты.
2012 ж Мәскеу мемлекеттік медициналық стоматологиялық университетінде «Сілекей безінің аурулары мен зақымдарының диагностикасы мен емдеу әдістері» тақырыбы бойынша профессора В.В. Афанасьеваның шебер-класына қатысты.
2013 ж. «Бет-жақ аймағының патологиясы бар науқастарға хирургиялық көмек көрсетудің замани жағдайы» Халықаралық практикалық конференциясы.
2013 ж АМДБЖИ негізінде «Бет-жақ хирургиядағы замани технологиялар» Халықаралық конгресс.
2013 ж. Тбилиси мемлекеттік университетінде өткен «Дентальды имплантологиядағы инновациялық технологиялар» тақырыбына шебер-классы.
Үнемі өз кәсіби біліктілігін жоғарылатып отырады.
Оңалту кабинет жақ-бет органдарының физиологиялық функцияларын қалпына келтіруге бағытталған, емдік-диагностикалық іс-шаралар мен қалпына келтіру-оңалту іс-шаралары кешенінен тұрады .
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 12 қыркүйек 2011 жылғы № 617 ” Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардағы қабылдау бөлімшесінің қызметтін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы ” бұйрығына сәйкес.
19.11.2009 жылғы № 1887 “Азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беру ережесін бекіту туралы” Қаулы.
19.11.2009 ж № 1888 Қаулы « Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша жүргізілетін медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы ».
Оңалту кабинетінің медициналық көмек көрсетуі, жақ-бет патологиясы бар емделушілерге кепілдік берілген медициналық көмек көлемін көрсету бойынша жоғары білікті медициналық қызметтердің алуы.
Оңалту кабинетінің негізгі қағидасы – науқастарды дәрігер реабилитологпен және медбикмен кабинетте қабылдау болып табылады.
Оңалту кабинетінің негізгі талабы – бұл оңалту кабинетінде есепте тұрған науқастарды тіркеу, емдеу және динамикалық бақылау болып табылады.
1.Ем – шаралар:.
- Тексеру стоматологиялық креслода оңалту кабинетінде жүргізіледі.
- науқасты болуы, көзге көрінетін өзгерістердің бар жоқтығына (ісінудің, гематом, деформация, тері жабындарын және жергілікті жіктерінің операциядан кейінгі жаралардың жағдайын, операциядан кейінгі кезеңдегі ісінулер мен қабынулар) сыртқы қарау жүргізіледі.
- ауыз қуысын қарау, ауішілік шиналар мен резеңке тартым ” сақиналар ” – дың жалпы жағдайын тексереді.
- Сондай-ақ, жақ-бет аймағындағы регионарлық лимфа түйіндері пальпация арқылы тексеру.
2.Қосымша:
Жүргізілетін манипуляциялар:
- Ауызіші шиналарын түзету ;
- Резеңке тартқыштар “сақина”-ларды ауыстыру;
- Ауыз қуысы және операциядан кейінгі жарақаттарды антисептикалық өңдеу;
- Бет-жақсүйек гематомаларды ашу және дренирлеу;
- Операциядан кейінгі тігістерді, ауызіші шиналарын мен металл тісарасы лигатурларды алу;
- Оңалту кабинетінде жүргізілетін амбулаторлық операциялар;
- Жергілікті анестезия және блокадалар;