Ақанов Талғат Анарбайұлы – анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі
1987 жылы АММИ, педиатриялық факультетін аяқтаған.
1987-1988 жж Талдықорған қ. облыстық ауруханасы негізінде анестезиология және реанимация бойынша интернатурадан өткен.
1988-1991 жж. Талдықорған облысының Алакөл ОАБ реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек етті.
1991 жылдан бастап №5 ҚКА еңбек етеді.
ҚР «Денсаулық сақтау үздігі» болып табылады, жолғарғы санаттағы дәрігер; Ярославль қ., Ресей (2004г.), Тель-Авив қ., Израиль (2006г.) машықтанулардан өтті
Т.А. Ақановжоғарғы санаттағы дәрігер-анестезиолог болумен қатар, өзін мықты ұйымдастырушы ретінде таныта білді. Соңғы үш жыл барысында реанимация бөлімшесінің аппаратурасы жаңартылып жатыр. Анестезиологиялық құралдар әлемдік стандарттар деңгейінде. Туа біткен ауыр патологиясы бар, бір жасқа дейінгі балаларға эндотрахеалды наркоз, бұл дәрігердің жоғары біліктілігінің дәлелі.
Мавлютова Альфия Раисовна. Еңбек өтілі 13 жыл.
2001 жылдан бастап №5 ҚКА анестезиология және реанимация бөлімшесінің медбикесі.
2012 жылдан бастап осы бөлімшенің аға медбикесі болып тағайындалды.
2013 жылдан бастап жоғарғы санаттағы медбике. 2013 ж. «Үздік медбике» байқауына қатысып, Медеу ауданы бойынша бірінші орын алды. Әлемнің жетекші мамандарының шебер-кластарында жасалатын операциялардың барлығына белсене қатысады (Кузовков В.Е.,Санкт-Петербург, профессор Хойман, Штутгард, Германия, профессор Бохайм, Австрия, профессор Федосеев Санкт-Петербург). Ұжымның қоғамдық жұмысына белсене қатысады, жас мамандарға ұстаздық етеді.