Әйелдерге кеңес беру орнында жүктілерді тексеру жеке-жеке қарау жүйесі қолданылады. Уақыты келгенде, әйелдерге кеңес беру орнының дәрігерлері нәрестенің жарық көрер сәтіне дайындалуға көмектесіп, қажет болса, босанғанға дейін перзентхананың тиісті бөлімшесіне, жоғары білікті және мейірімді мамандардың бақылауына жолдайда.
Көптеген елдердің денсаулық сақтау жүйелері іске асыруға талпынатын, замани акушерліктің негізгі ұстанымдарының бірі – жүктіліктің жоспарлы болуы. Жүктілікке зерделі медициналық және моральды дайын болу жүкетіліктің барысында дәрігерлік бақылаудың бірталай проблемаларынан арылтады. Жүктіліктің жоспарланған мезгілінен бұрын үш ай алдында дәрігерге баланың болашақ әкесімен бірге келуді нұсқаймыз.
Дәрігерге келгенде:
- болашақ ата-аналардың бастан өткен және осы кездегі медициналық тарихы анықталады;
- болашақ ана мен әкенің туыстарының денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат жиналады;
- медициналық тарихтың мәліметтерінің жиынтығы мен тексеру нәтижелері бойынша зертханалық және басқа да зерттеулер тағайындалады;
- болашақ жүктілікті бақылау бойынша болжамды бағдарлама талқыланады.
Жүктілік факті анықталғанда біздің әйелдерге кеңес беру орнымыз жүктілік барысын бақылау бойынша бірнеше бағдарламаны ұсынады:
- босанғанға дейін акушер-гинекологтың жүктілікті бақылауы + басқа мамандардың кеңесі + барлық қажетті зертханалық және құрал-саймандық тексерулер (УДЗ, іштегі баланың жүрек қағысына мониторинг) + ілеспелі медициналық құжаттардан қажетті көшірмелер (ауыстыру картасы, сырқат парағы);
- жоғарыдағыға + біздің клиникамыздағы күндізгі стационар қызметі.
Біздің дәрігерлеріміздің дайындығының жоғарғы деңгейі және мол тәжірибесі жүкті әйелдерді жоғары қауіпті жүктілікті қадағалауға мүмкіндік береді. Жүкті әйелдердің осы санатына күрделі асқынулармен қосаланған немесе қосарлануы мүмкін (қайталап түсік тастау, мерзімнен бұрын босанып қалу, іштегі баланың дамуы кідіру, іштегі баланың генетикасының бұзылуы, ананың артериялық қан қысымы көтерілу) жатқызылады. Жүктілікке дейін және жүктіліктің ең басында мұқият тексерілу, медициналық көрсеткіштері бойынша дәрілік адекватты терапия таңдау, іштегі баланың өсуіне мониторинг – асқынған немесе асқынбаған жүктіліктің барысын бақылау үшін қажетті компоненттерді біздің әйелдерге кеңес беру орнынан таба аласыз.
Медициналық қызметтердің Сізге мынадай көлемі ұсынылады:
- терапевттің кеңесі;
- гинекологтың кеңесі;
- қанның клиникалық талдауы;
- қанның қантқа биохимиялық талдауы;
- несептіңт жалпы талдауы;
- гемостазиограмма;
- перинаталды маңыздыинфекциялардың диагностикасы;
- флораға жағынды алу;
- RW, ВИЧ, HBS-ag, қан тобы, резус-фактор;
- қызылша, токсоплазмоз;
- ЭКГ
- жатырдың анатомиялық патологияларын анықтау үшін УДЗ;
- цитологиялық зерттеулер.
Емделушінің шағымдары жан-жақты зерттеліп, бұрын ауырған ауруларының анамнезінің мәліметтері тексеріледі. Алдыңғы жүктіліктер мен босануларының барысы туралы мәліметтер жиналады. Осы ақпараттар осы жүктіліктің барысына түрлі жағымсыз факторлардың ықпалы мүмкіншілігі тұрғысынан қаралады. Содан кейін осы жүктіліктің ең басынан бастап барысы зерттеледі. Бұл ретте жасалған диагностикалық зертханалық және құрал-саймандармен зерттеулердің нәтижелерінің клиникалық интерпретациясы ескеріледі. Жасалған емшаралардың тиімділігі анықталады.
Клиникалық объективті зерттеу өткізгенде жүкті әйел мен ішіндегі баланың жай-күйі анықталады. Бұл ретте емделушінің өзіне де, оның ішіндегі баласына да бірдей көңіл бөлінеді. Оның жүрек қағысының сипаты, қозғалу белсенділігі мұқият қадағаланады. Алынған мәліметтердің жиынтығы негізінде жүктіліктің әрі қарай барысы мен босану бойынша болжам қалыптастырылады. Дәрілік препараттарды, іштегі балаға әсерін ескере отырып, тағайындау немесе бұрын тағайындалған дәрі-дәрмектердің әрі қарау қабылдауы туралы сұрақтар шешіледі. Қажетті жағдайда, жүктіліктің барысын және тағайындалған емнің тиімділігін бақылау үшін, қосымша диагностикалық зертеулер тағайындалады. Жүктілік мерзімдері мен босандыру амалдары бойынша нұсқаулар жасалады.
Босанғаннан кейінгі кезеңнің барысына, емшек сүтімен емізуге және т.б. ерекше көңіл аударылады.
Жүктілікке дайындау және оның қадағалау бағдарламалары, сондай-ақ босану мен босанғаннан кейінгі кезеңге дайындау курстары ұсынылады.