Ана болу –әйел тағдырының ең басты бақыты! Осы сөздер ежелден бері ұранға айналды, демек, болашақ анаға қойылатын талаптар да өте жоғары. Әйел затына жүктелген бұл миссия, сонымен қатар үлкен жауапкершілік артады.
Қуаныш пен үлкен үмітке толы тоғыз ай, жатырдағы баламен бірге сүрген толыққанды өмірге айналуы тиіс, сонда өмірдің осы кезеңі бақыт пен қуаныш кезеңіне айналады.
Ана мен баланың өмірі мен денсаулығы табиғаттың заңдарына тікелей бағынышты. Осы кезеңде бала мен анаға жоғары білікті мамандардың қамқоры өте маңызды және қажет. Жүктілікті жоспарлау, жүктілік және бала босану – дені сау баланың дүниеге келуінің басты шарты.
Көптеген елдердің денсаулық сақтау жүйелері іске асыруға талпынатын, замани акушерліктің негізгі ұстанымдарының бірі – жүктіліктің жоспарлы болуы. Жүктілікке зерделі медициналық және моральды дайын болу жүкетіліктің барысында дәрігерлік бақылаудың бірталай проблемаларынан арылтады.
Біздің мекемемізде, көрсеткіштерге қарай, жүктілікті болдырмайтын замани препараттар тегін беріледі.
Жүктіліктің жоспарланған мезгілінен бұрын үш ай алдында дәрігерге баланың болашақ әкесімен бірге келуді нұсқаймыз.
Дәрігерге келгенде:
– болашақ ата-аналардың бастан өткен және осы кездегі медициналық тарихы анықталады;
– болашақ ана мен әкенің туыстарының денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат жиналады;
– медициналық тарихтың мәліметтерінің жиынтығы мен тексеру нәтижелері бойынша зертханалық және басқа да зерттеулер тағайындалады;
– болашақ жүктілікті бақылау бойынша болжамды бағдарлама талқыланады.
Дәрігер үнемі басқа мамандармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жүктіліктің УДЗ-диагностикасы, барлық қажетті зертханалық зерттеулер жасалады.
Жүктілікке дейін және жүктіліктің ең басында мұқият тексерілу, медициналық көрсеткіштері бойынша дәрілік адекватты терапия таңдау, іштегі баланың өсуіне мониторинг – асқынған немесе асқынбаған жүктіліктің барысын бақылау үшін қажетті компоненттерді біздің әйелдерге кеңес беру орнынан таба аласыз.
Дәрігерлеріміздің дайындық деңгейі мен мол тәжірибесі, сондай-ақ перзентхананың техникалық мүмкіндіктері тәуекелі жоғары жүктілікті қадағалауға қолжеткізеді.
Біздің дәрігерлеріміздің дайындығының жоғарғы деңгейі және мол тәжірибесі жүкті әйелдерді жоғары қауіпті жүктілікті қадағалауға мүмкіндік береді. Жүкті әйелдердің осы санатына күрделі асқынулармен қосаланған немесе қосарлануы мүмкін (қайталап түсік тастау, мерзімнен бұрын босанып қалу, іштегі баланың дамуы кідіру, іштегі баланың генетикасының бұзылуы, ананың артериялық қан қысымы көтерілу) жатқызылады..
Әйелдерге кеңес беру орны №5 ҚКА емханасына тіркелген тұрғындарға қызмет етеді.
Жұмыс тәртібі сағат 8-00-ден 20-00-ге дейін, сенбі күні сағат 8-00-ден 16-00-ге дейін, жексенбі–демалыс.
Әйел тұрғындардың саны 26838 адам, олардың бала босану жастағылары 17700.
Әйелдерге кеңес беру орнының меңгерушісі – Күдебаева Дариға Шалғазықызы,
тел.+7 (727) 382-32-85
6 дәрігер акушер-гинеколог қабылдау жүргізеді (олардың 2 – жоғарғы санаттағы, 4 – бірінші санаттағы дәрігер). Тұрғындараға көрсетілетін қызметтердің сапасын замани талаптарға сай арттыру мақсатында, әйелдерге кеңес беру орнында, екі ауысыммен сағат 8.00-ден 15.40-қа дейін жұмыс істейтін, 10 төсек-орынға күндізгі стационар ұйымдастырылған, терапевттің және басқа да маман-дәрігерлердің қабылдауы жүргізіледі:
- отбасын жоспарлау кабинеті; бірінші санаттағы дәрігер акушер-гинеколог Колтун Оксана Дмитриевна қабылдау жүргізеді.
- жатыр мойынының патологиясы бойынша қабылдауды бірінші санаттағы дәрігер акушер-гинеколог Қалибекова Гүлнара Нұрділдақызы жүргізеді.
Әйелдерге кеңес беру орны С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеттің «Акушерлік және гинекология» кафедрасының оқу базасы болып табылады.
Әйелдер мен гинекологиялық патологиясы бар ауруларынаАкушерлікжәне гинекология кафедрасының қызметкерлері кеңес беру қабылдаулар жүргізеді
- кафедры меңгерушісі, м.ғ.д., Омарова Г.К.- қажет болса
- доцент, м.ғ.д., Коркан А.И. – айына 2 рет
- доцент, м.ғ.к., Аманжолова Б.К. – айына 2 рет
- кафедра ассистентіШаймарданова Л.К. – күнде
Кеңес бергеннен кейін науқастар № 1 ҚКА бюджеттік бөлімшесіне жоспарлы емделуге жолданады, лапароскопия, гистероскопия, пластикалық-құрылымдау операциялары кафедра меңгерушілерімен тегін жасалады.
Әйелдерге кеңес беру орны қызметінің мақсаты тұрғындарға, әйелдерді сауықтыруға, ана мен бала өлімін азайтуға, сондай-ақ жүкті әйелдер пен гинекологиялық аурулардың диспансеризациясына бағытталған, емдеу-профилактикалық көмек көрсету болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін әйелдерге кеңес беру орнында мынадай мәселелер шешіледі:
- жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейін және гинекологиялық аурулардың асқынуларының алдын алуға, іштегі баланың перинатальды қорғауына бағытталған емдеу-профилактикалық емшаларар;
- білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету;
- контрацепция бойынша жұмыс жүргізу, түсік тастаудың алдын алу;
- практикаға диагностиканың, профилактиканың және патологиялық жүктілікті, гинекологиялық ауруларды емдеудің замани әдістерін, акушерлік пен гинекологиялық көмектің амбулаториялық әдістерінің алғы шептегі формалары енгізу;
- санитарлық-ағарту жұмысы;
- ана мен баланы қорғау туралы заңнамаға сәйкес, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
- салауатты өмір салты;
- жүкті әйелдер, босанған әйелдер және гинекологиялық ауруларды тексеру мен емдеуде сабақтастықты қамтамасыз ету;
- қыздар мен бойжеткендер арасында диспансеризация менпрофилактикалық жұмыс жүргізу;
- перзентханамен (бөлімшесімен), ересектер және балалар емханасымен, жедел медициналық жәрдем станциясымен, басқа да емдеу-профилактикалық мекемелермен (тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы және онкологиялық диспнсерлермен және т.б.) жүйелі байланысты жүзеге асыру;
- отбасын жоспарлау бойынша жұмыстар өткізу.