Оториноларингология

Оториноларингология

Уәлиева Гүлнара Эрикқызы – м.ғ.к., жоғарғы санаттағы дәрігер, Алматы қаласының штаттан тыс бас оториноларингологы

1987 жылы АММИ аяқтады.

Мамандығы бойынша еңбек өтілі – 25 жыл.

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы санаттағы дәрігер, эндоскопиялықкабинеттің меңгерушісі.

1993 жылы АМДБЖИ негізінде оториноларингология бойынша интернатураны аяқтады.

2003 жылы «Анестезия при абсцесстонзилэктомии» тақырыбына кандидаттық диссертациясын қорғады.

Маманданымдары: Ресейде, Мәскеу, Ярославль қалаларында – эндоскопия бойынша; Австрия, Зальцбург қ. – жалпы ЛОР-патология және ЛОР-онкология бойынша.

Оториноларингология бойынша шұғыл және жоспарлы хирургиялық көмектің барлық түрін жетік меңгерген.

Емхананың оториноларингология кабинетінде түрлі ЛОР-аурулары кезінде көрсетілетін амбулаторлық-емханалық көмектің толық көлемі көрсетіледі. Қабылдауды білікті дәрігер-оториноларинголог жүргіщеді. Толық жабдықталған кабинетте кез келген ЛОР-патолгиясы бар ересектер мен бала емделушілердің қабылдауы жүргізіледі.

Оториноларингология

ЛОР-ағзаларының диагностикасы

  • эндоскопиялық зерттеу;
  • компьютерлік томография;
  • мұрын сүйектері мен қосалқы қуыстардың рентгенографиясы;
  • отомикроскопия, риномикроскопия;
  • ПЦР, бактериологиялық, цитология әдісімен жағындыларды зерттеу;
  • Аудиологиялық зерттеу, импедансометрияжәне т.б.

Емдеу

  • созылмалы тонзиллит, баспалар;
  • риниттің түрлері (вазомоторлы, аллергиялық);
  • жіті және созылмалы синуситтер (гайморит, фронтит, этмоидит);
  • жіті және созылмалы фарингиттер, ларингиттер;
  • мұрын полипы және полиптік синуситтер, гаймор қуысының кисталары;
  • сыртқы отит, жіті және созылмалы ортаңғы отиттер;
  • ЛОР ағзаларынан бөтен денелерді алып тастау.

ЛОР-аурулары кезіндегі емдеу іс-шараларының толық көлемі, соның ішінде:

  • синуситтердің операциялық және консервативті емдеуі;
  • созылмалы риниттерді консервативті және хирургиялық кірісумен емдеу;
  • отиттерді емдеу;
  • мұрыннан қан кетуді тоқтату;
  • құлақ, тамақ және мұрыннан бөгде денелерді алып тастау;
  • аудиологтың кеңесімен, естудің аудиологиялық зерттеуі.

Біздің артықшылығымыз:

Біздің дәрігерлер үнемі таяудағы және қиырдағы шетелде оқудан өтіп, біліктілігін жоғарылатып отырады, замани медицинаның ең жаңашыл, алғы шептегі технологияларын жетік меңгерген. Мамандандырылған клиника бола тұрып, біз көп жылдар бойы тәжірибемізбен қатар жаңа әдістерді де қолданамыз. ЛОР-ауруларын емдеу үшін физиотерапиялық бөлімшесінің бар мүмкіншілігін пайдаланамыз.

Қазақ тіліРусскийEnglish