Офтальмология

Офтальмология

Техникалық жабдықталу, замани құрал-саймандар, дәрігер-офтальмологтың кәсіби біліктілігі біздің емделушілерге жан-жақты амбулаторлық көмек көрсетуге барлық мүмкіншіліктер жасайды.

Емдеу

  • аккомодацияның қысылуын және үдемелі сығырлықты емдеу;
  • вирустық және бактериялық конъюнктивиттер, блефариттер, кератиттер, увеиттер, шынайна жарасы, сондай-ақ қабақ демодекозы, теріскен, халазион;
  • көз жасы жолдарының өткізгіштігінің және көз жасының өнімділігінің бұзылуы;
  • катаракта;
  • глаукома;
  • көз торының идиопатиялық дистрофиясы, миопия, қант диабеті және басқа аурулар кезіндегі көз торының дистрофиясы;
  • қабақ трихиазы;
  • көзден бөгде денелерді алып тастау және т.б..

Көру қабілеті нашарлағанда, ауырсынғанда және қызарғанда, көз жасы ағу, көзбен көргенде шаршағыштық, көзде бөгде дене тұрғандай сезімі офтальмологқа дереу қаралыңыз. Емдеу тиімділігі аурудың дер кезінде анықталуына, дұрыс диагностикаға және оңтайлы терапияны таңдауға тікелей байланысты.

Тіпті көзге байланысты шағымдар болмаған кезде де, жыл сайын көзді профилактика үшін тексертіп тұру керек. Әсіресе офтальмологтың қарауына егде жастағы, артериялық гипертензиясынан зардап шегетін, қант диабетімен ауыратын адамадар үнемі барып тұруы тиіс. Сондай-ақ офтальмологтың (окулисттің) ақылы қабылдауы жүргізіледі.

Диагностикалық іс-шаралар

  • көзбен көруді тексеру;
  • скиаскопия және оптометрия әдісімен рефракцияны (көздің оптикалық құрылысын) анықтау;
  • биомикроскопия – көздің оптикалық қошаған ортасын зерттеу;
  • офтальмоскопия жәнебиомикроофтальмоскопия – көздің түбін зерттеу;
  • тонометрия – контактсыз тономертмен және Маклаков бойынша көздің ішіндегі қысымды өлшеу;
  • периметрия – көз өрісін зерттеу;
  • аккомодацияның бинокулярлықфункцияларын зерттеу;
  • түстерді сезуді зерттеу, басқа да тесттер.

Емшаралар

  • қарапайым және күрделі көзілдіріктерді және линзаларды таңдау;
  • дәрілік препараттарды тағайындау;
  • парабульбарлық инъекциялар, субконъюнктивальдық;
  • дұрыс өспеген кірпіктерді алып тастау;
  • шынайнадан және конъюнктивадан бөгде денелерді алып тастау.

Медициналық көрсеткіштер бойынша кешенді емдеуде күре тамыр ішінше және бұлшық етке инъекциялар жасау курсы, физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру тағайындалады. Тарлық аурулардың емдеуі нақты диагностика мен білікті дәрігер-офтальмологтың бақылауымен ғана жасалады. Көз апурулары организмдегі басқа аурулармен байланысты болады: диабет, артериялық гипертония, мидың қан айналымының бұзылуы, инфекциялар, қабыну үдерістері және т.б. Бұл жағдайда біздің емханамызда кешенді тексеру жасалып, терапевт, эндокринолог, неврологпен бірлесе отырып, соның ішінде күндізгі стационар шегінде, ем жасалады.

Офтальмология
Офтальмология
Қазақ тіліРусскийEnglish