Емханада жоғары білікті дәрігер-невролог қызмет етіп, неврологиялық патологиясы бар емделушілердіңқабылдауы мен стационарлық емдеуден кейінгі сауықтыруы жасалады.
Неврологиялық патологияның диагностикасы мен емдеуі ең жаңашыл дәрі-дәрмектерді қолданумен, замани диагностикалық жабдықтарда және қалпына келтіру әдістемелерін қолданумен жүзеге асырылады.
Диагностика
Түрлы патологиялардың диагностикасы үшін зертханалық зерттеулердің замани әдістері қолданылады:
- клиникалық, биохимиялық талдаулар;
- краниограмма, спондилограмма, соның ішінде функционалдық сынамалармен;
- электроэнцефалография (ЭЭГ), реоэнцефалография (РЭГ), эхоэнцефалография (ЭХО-ЭГ);
Қажетті жағдайда бір-бірімен байланысты маман-дәрігерлердің кеңесін алады.
Емдеу
- Көп тараған омыртқа остеохондрозы, омыртқа арасындағы дискілердің жарықтары неврологиялық синдромымен:
- бұлшық ет-сергіткіш;
- нейродистрофиялық;
- түбірлік.
- Қабыну және жарақаттан кейінгі генездегі перифериялық жүйке жүйесінің неврологиялық аурулары:
- невриттер (нейропатиялар), невралгияларжәне полиневриттер (полирадикулоневриттер, полинейропатиялар);
- түрлі текті бас ауруы
- бас сақинасы;
- кернеу цефалгиясы;
- бас сүйегі ішіндегі қатерсіз гипертензия.
- Бас миының тамыр аурулары:
- дисциркуляторлық энцефалопатия (атеросклероздық, гипертониялық);
- бас миының қан айналымының жіті бұзылуы салдары (церебральды тамыр криздері, транзиторлықишемиялық шабуылдар, бас миының қан айналымының ауыспалы бұзылуы);
- Вегетативті дистония жәневегетативті пароксизмдер
- Бас сүйегі мен мы жарақаттары және олардың салдары.
Диагностикалық және емдік іс-шаралардың көлемі
Барлық ауруларды емдеу көрсеткіштеріне қатаң сәйкестікте және тәжірибелі дәрігерлердің бақылауымен жасалады; емделушіні қарау тактикасы, дәрілік терапия және әрі қарай динамикалық бақылдауы жеке таңдалады. Емдеуде дәрілік терапия, физиотерапиялық процедуралардың толық кешені, ЕДШ, қалпына келтіру терапиясы және басқа да замани әдістемелер қолданылады.