Хирургиялық кабинетте үлкен тәжірибесі бар, білікті дәрігер-хирург еңбек етеді. Емхананың хирургиялық кабинеті диагностикалық, кеңес берушілік және амбулаторлық-хирургиялық көмек көрсетуге арналған.
Диагностика
Жоспарлы операциялық кірісуге жолданған барлық емделушілер операция алдындағы тексеруден кейін (зертханалық, ультрадыбыстық, рентгенологиялық зерттеулер, мамандардың кеңес берулері және т.б.) жолданады. Зертхана барлық қажетті биохимиялық, вирусологиялық және серологиялық әдістердің өткізілуін қамтамасыз етеді.
Емдеу
Хирургиялық кабинетте емхана жағдайында жасалатын барлық хирургиялық манипуляциялардың және операциялық кірісулердің барлық түрлері жасалады. Атап айтқанда:
- тері астындағы қатерсіз ісіктерді (липомалар, атеромалар) алып тастау;
- іріңді жаралардың бастапқы хирургиялық тазалауы;
- операциядан кейінгі жараны таңу;
- тігісті алып тастау.
Диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемі
- жалпы диспансеризация шегінде кеңес беру;
- хирургиялық патологияларды ертерек анықтау, соның ішінде тік ішектің қатерлі ісігін анықтау бойынша профилактикалық тексерулер;
- операциялық кірісден кейінгі күндізгі стационарда емделушінің қысқа мерзімде сауығуы.