Эндокринологиялық кабинетте тәжірибесі мол дәрігер-эндокринолог қабылдау жүргізеді. Дәрігер-эндокринологтың кәсіби деңгейі және тексерудің барлық негізгі әдістері эндокриндік жүйесінің аурулары бар емделушілерге уақытылы жоғары білікті амлуаториялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің дәрігерлеріміз зертханалық және құрал-саймандармен диагностика жасағаннан кейін тиімді консервативті терапияны тағайындайды.
Диагностика
Емханада эндокриндік жүйені толық тексеруге бар мүмкіншіліктер жасалған, УДЗ диагностикасы, рентгенологиялық тексерулер жасалады. Зертхана барлық қадетті биохимиялық, жалпы клиникалық талдаулардың, онкомаркерлер мен гормондық көрсеткіштерінің анықтауын қамтамасыз етеді.
Емдеу
- қалқанша безінің аурулары;
- көмірсулар және май алмасудың бұзылуы;
- гипоталамо-гипофиздік жүйенің патологиясы;
- бүйрек үсті безінің патологиясы;
- фосфорлы-кальций алмасуының бұзылуы, соның ішінде қосқалқанша безінің аурулары.
Диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемі
- басқа мамандардың жолдамасымен емделушілерге кеңес беру;
- созылмалы эндокринологиялық аурулары бар науқастардың динамикалық бақылауы;
- гормондық жүйенің түрлі патологияларын анықтау және емдеу.
Мұқият тексергеннен кейін, орнын басушы консервативтік терапияның қажетті шамасы, қан талдауын бақылап отырып, әр емделушіге жеке таңдалады