Кеңес беру бөлімшесі екі негізгі бағыт бойынша қызмет етеді:
- Тіркелген т ұрғындарға емханалық қызметтер көрсету;
- Тіркелген тұрғындарға кеңес беру көмегін көрсету.
Бөлімше құрамында жоғары білікті маман-дәрігерлер еңбек етеді, соның ішінде медицина ғылымдарының кандидаттары және жоғары санаттағы дәрігерлер, өз кезегінде олар замани м едициналың кез келген бағыты бойынша кеңес беруге даяр.
Кез келген емделуші бір күнде бірнеше маманның кеңесін ала алады.
Кеңес беру-диагностикалық бөлімшенің мамандары диагноз қойып емдеуді:
- Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары.
- Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, ЛОР-ағзаларының аурулары.
- Асқазан-ішек жолының аурулары (өңеш, асқазан,12-еліішек, тоқ ішек, бауыр, өт, печень, желчный пузырь, ұйқы безі).
- Проктологиялық аурулар (геморрой, анальды жарықтар, полиптер).
- Несеп шығару жүйесінің аурулары (бүйрек, несептамыр, қуық).
- Кіші жамбас ағзаларының аурулары (жатыр, аналық безі, жатыр түтігі, қуықалды безі).
- Эндокринді аурулар.
- Неврологиялықаурулар.
- Көру органдарының аурулары.
- Тері аурулары.
- Тіреу-қозағлу аппаратының аурулары, жарақаттардың салдары.
- Қатерсіз ісіктер.
- Көптеген басқа да аурулар.
Дәрігерлердің басты принципі– бір емделушіде анықталған бірнеше ауруларды емдегенде алқаластықты ұстану: мамандар бірлесе отырып, тексеру нәтижелеріне қарай, ең ұтымды бақылау тактикасы мен емдеуін таңдайды. Кеңес берушілік, диагностикалық және клиникалық қызметтердің өзара әрекеттестігі түрлі ауруларды емдегенде қысқа мерзімде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Диспансерлік топтағы науқастар мен тәуекел факторлары бар топтағы емделушілермен Профилактика және сауықтыру мектерінде сабақтар өткізіледі. Бұл эндокринолог, невропатолог, кардиолог мектептері.