@gkb_5.kz ұжымы Ұлттық Аккредитациялаудан табысты өтті және Жоғары санатты алды! Осы қуанышты жаңалықты біздің қымбатты пациенттерімізге хабарлаймыз. Біз жеткен жетістікке Сіздер де шын жүректен қуанады деп ойлаймыз.
Бұл мәртебе біздің аурухананың ең жоғарғы стандартқа сәйкестігін және пациенттерге сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсете алатынын танытады.
Біз бір кісідей ынтымақты жұмыс атқара білетін ұжымды мақтан тұтамыз! Әрбір қызметкеріміздің ортақ іске қосып отырған үлесі үшін алғыс айтамыз.