Физиотерапялық бөлімше
Физиотерапиялық бөлімше емхана мен стационарды біріктіретін ғимаратта орналасқан. Демек, онда стационардың және емхананың науқастары ем қабылдай алады. Бөлімше бір дәрігердлік кабинеттен және бес емдік электрсәулелеу кабинеттерден тұрады және мынадай емдік процедуралар жасалады:
- Гальвонизация және дәрілік электрофарез;
- Магнитотерапия;
- Бернар тоқтары;
- Амплипульс-терапия;
- УВЧ –терапия;
- СВЧ-терапия;
- Дарсонвализация;
- Ультродыбыстық терапия;
- Сәулемен емдеу; УФО – соллюкс лазерлікя терапия;
- Күре тамырға лазерлік қанды сәулелеу (ВЛОК);
- Соққы толқындық терапия;
- Жылумен емдеу.
Бөлімшенің аға медбикесі Б.Т. Естемесова жоғарғы санаттағы медбике. Физиобөлімшеніңмедбикелері Г.С. Бейсебаева, Г.А. Мүкішева – бірінші санаттағы мамандар. Сондай-ақ, бөлімшеде емдік дене шынықтыру кабинеттерімен қамтылған, ЕДШ маманы – Г.О. Жұматаева және ұқалау маманы Г. Абанова арнайы дайындықтан өтіп, емделушілерге сауығуға көмектеседі.
Бөлімше меңгерушісі Жанаева Эльмира Тимурқызы Алматы Мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін 1987 жылы аяқтаған.2007 жылы екінші жоғарғы білім алды. Дәрігер болып 24 жыл еңбек етеді. 2005-2011 жж. ҚР ҰҚК шекара қызметінің Алматы қ. Орталық әскери госпиталінде физиотерапиялық бөлімшесінің бастығы болып қызмет етті 2011-2012 жж Сары-Ағаш қаласында «Арай-Delux» сауықтыру кешенінде емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет етті. 2012 жылдан бастап осы күнге дейін Алматы қ. №5 ҚКА физиотерапялық бөлімшесінің меңгерушісі болып қызме етеді. Жанаева Эльмира Тимурқызы өзін білікті маман ретінде таныста білді, жоғарғы санаттағы дәрігер және реабилитолог.