Клиникалық-диагностикалық зертхана
Тұрсынова Сәуле Қадырханқызы – №5 ҚКА зертхана меңгерушісі
Клиникалық-диагностикалық зертхана меңгерушісі. С.М.Киров ат. ҚаМУ 1992 жылы аяқтаған. Сол жылдан бастап ЖМЖА клиникалық-диагностикалық зертханасының дәрігер-лаборанты болып еңбек жолын бастаған. Республикалық Токсикология Орталығының токсикологиялық зертханасына басшықлық еткен.
АММИ кафедрасының ассистенті болып еңбек етумен қатар, Республикалық медициналық колледжінде клиникалық биохимия бойынша дәріс берді. Ана мен баланың денсаулығын қорғау бойынша Республикалық Ғылыми-зерттеу Орталығында ғылыми қызметкер болып, қалалық кардиология орталығында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап №5 ҚКА еңбек етеді.
Өз біліктілігін АМДБЖИ негізінде өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Соңғы жылдары: «Клинилық биохимия», «Гематологиялық және цитологиялық зерттеу әдістері», «клиникалық зертханалық диагностиканың және зертханалық қызметті қйымдастырудың көкейкесті сұрақтары», «Жыныс жолдарымен берілетін, инфекциялардың РИФ диагностикасы», «Вирустық гепатиттердің, қалқанша бездің және репродукцияның гормондарын, онкомаркерлердің, ИППП ммундыферментті (ИФА) диагностикасының әдісі» тақырыптары бойынша жетілдіру курстарынан өтті.
Клиникалық-диагностикалық зертхана мынадай бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді:
- гематологиялық талдаулар (қанның жалпы және жан-жақты талдауы)
- клиникалық талдаулар (несеп пен нәжістің зерттеулері)
- биохимиялық талдаулар (холестерин,билирубин,АЛТ,АСТ,глюкоза,мочевинажәне т.б.)
- иммундыферментті талдаулар:
- гепатит маркерлері (бауыр аурулары)
- онкомаркерлер (бауыр, ұйқы безі, ішек аталық без, сүт безі, простатаның қатерлі ісігі)
- жыныстық инфекциялар
- қалқанша без гормондары.
Төлем бағатізбеге сәйкес жеке немесе келісім-шарт негізінде кәсіпорын есебінен жасалады.