Жабдықтар

«New Millennium Grand» ЛОР комбайны – ЛОР-комбайнда аңқаның эндоскопиялық және микроскопиялық зерттеуі жасалады. Осы жабдықта мұрын мен жұтқыншақтың барлық ауруларына дифференциацияланғандиагностикалы қолжетімді. Мұрынның қосалқы қуыстары санациясының замани әдістерін қолданумен емдеу жасалады, созылмалы тонзилиттің, гипертрофиялық риниттің, возомоторлы риниттің консервативті емдеуі жасалады. Құлақ ауруларының диагностикасы.

лор комбайн
Холодноплазменный хирургический аппарат

Суықплазмалық хирургиялық аппарат «Coblator II Surgery System» – Қазақстан мен Орта Азиядағы жалғыз аппарат болып табылады. №5 ҚКА 2008 жылдың мамыр айында сатып алған.

РДК АРДиагност – 8 рентгенжабдығы,цифрлы флюорограф, «Сирона» радиовизиографымен рентген-аппараты. Жоғары сападағы рентген суреттер жасалады, ақпараттар электрондық тасымалдағыштарда беріледі.

Xoran Mini Cat компьютерлік сканері

ШЖҚ «№5 ҚКА» МКК. Бет сүйектерінің, мұрын айналасындағы қуыстардың, емізік тәрізіді өсіктердің және самай сүйектерінің пирамидаларының патологияларын зерттеу үшін «Xoran» фирмасының компьютерлік томографы қолданылады, АҚШ-та өндірілген, рұқсаттау қасиеті өте жоғары (1-ден 0,3 мм дейін), емделуші үшін сәулеленудің ең аз шамасы (0,13 мзв/сағ).

Жоғары сападағы рентген суреттер жасалады, ақпараттар электрондық тасымалдағыштарда беріледі. Емделуші туралы ақпарат компьютерлік базада сақталып, аурудың өзгеру динамикасын бақылауға мүмкіндік береді.

Xoran Mini Cat компьютерлік сканері–бұл көлемді томографияның ықшамды вертикальды жүйесі синустарды, самай сүйектерін және бас сүйегінің түбін сканерлеуге арналып әзірленген. Mini Cat емделушіні қарау орнында суреттерді қарауға қолжеткізеді. Бұл диагностика мен емдеуді тездетуге себептеседі.

Салмағы бар-жоғы 204 кг, Mini Cat сканері, 2,5*3 м көлемді стандартты бөлмеге оңай сыйып кетеді. Орнату процессі аздаған уақыт пен күш алады, соның арқасында жұмысқа кедергісіз және уақытылы кірісуге бар мүмкіндік бар.

Пайдаланушылар толық көлемде бағдарламалық қамтуын синустардың және самай сүйектерінің радиологиялық зерттеу хаттамаларымен қосып бағалай алады.

Файлдарды түрлі форматтарда қарау мүмкіншілігі арқасында суреттерді шығару оңайырақ болды. Сондай-ақ, арнайы опция суреттің шаблонын басып шығаруға қолжеткізеді.

Интернетке кірудің жоғары жылдамдығы арқасында, Xoran Connect қызметін пайдалануға болады. Бұл веб-қызметі пайдаланушыға қашықтан, толықфункционалды көптегістікті қарау көмегімен, зерттеу нәтижелерін қарауға, кеңес алуға және түсініктеме беруге қолжеткізеді.

Самай сүйектерінің кесіндісінің минималды қалыңдығы 0,3 мм, ал синустардың кесіндісінің минималды қалыңдығы — 0,4 мм құрайды. Дәрігер суреттерді түрлі тұрпатта және проекияда зерттеуге, сондай-ақ өңдеуге, түсініктеме беруге және суреттерді ьтүрлі форматтарда экспорттауға мүмкіншілігі бар.

Қазақ тіліРусскийEnglish