Аханов Серікболсын Әбдіахметұлы – қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі
1993 жылы АММИ стоматологиялық факультетін аяқтаған. 1993 жылдан бастап №5 ҚКА қабылдау бөлімшесінде еңбек етеді, 2001 жылдан бастап осы бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалды. 2004 ж. кандидаттықдиссертациясын қорғаған.
ҚР «Денсаулық сақтау үздігі» болып табылады, жоғарғы санаттағы бет-жақ хирургы.
АМДБЖИ негізінде бірнеше рет жетілдіру курстарынан өтті.
Медисон қаласында, АҚШ (2006 ж.) құрылымдау-қалпына келтіру хирургиясы бойынша; Мәскеу мемлекеттік стоматологиялық университетінде (2008 ж.) –стоматологиялықимплантологиядан; Тюбинг қ., Германия, профессор Вебердің жетекшілігімен –дентальдыимплантологиядан (2010); Хулон қ., Израиль – имплантология бойынша (2010 ж.) машықтанудан өтті.
Бет-жақ хирургиясы бойынша 23 мақала жариялады. №47500 «Астыңғы жақ сүйегінің сынығын ауыз ішінен емдеу әдісі» өнертабуын тіркеген. Бет-жақ аймағының патологиясы бар Қазақстан-Оңтүстік Корея қайырымдылық акциясына қатысқан (2001).
Бет-жақ сүйек аймағының патологиясы бар ауруларды емдеудің барлық оперативтік және консервативтік әдістерін меңгерген.