Тарихы

№5 Қалалық клиникалық аурухананың тарихы

№5 қалалық клиникалық аурухана 1933 жылы құрылған. Оның құрамында емхана мен 30 төсек-орынға арналған стационар болған.

1974 жылдың сәуір айында аурухана, Ілеу Алатау бөктерінде, Алматы қаласының элиталық Медеу ауданында орналасқан типтік ауруханалық кешенге ие болды.

№5 қалалық клиникалық аурухана Медеу ауданының 13 медициналық ұйымдары, яғни, 5 емхана, 2 балалар үйі, 1 перзентхана, 3 туберкулезге қарсы мекеме және қалалық наркологиялық дәрігерлік-әлеуметтік көмек беру коррекциялау орталығы, арасындағы бас медициналық ұйымы болып табылады. 14.04.2010 жылдан бастап толық шаруашылық жүргізуге ауысты.

№5 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, Садықов.Б.Н., сонымен қатар Медеу ауданының бас дәрігері болып табылады.

Қалалық клиникалық ауруханада 130 дәрігер, олардың арасында 1 медицина ғылымдарының докторы, 11 медицина ғылымдарының кандидаттары, 31 жоғарғы санаттағы дәрігер, 23 бірінші санаттағы дәрігер қызмет етеді. Орта буындағы персонал 203 адамнан тұрады. Олардың 60 жоғарғы санаттағы медбикелер, бірінші санаттағысы – 17, екінші санаттағысы – 18 қызметкер. Екі дәрігер «Алтын дәрігер» атағына иеленген, 4 медицина қызметкерлері «Денсаулық сақтау үздігі» атағымен марапатталған.

№5 қалалық клиникалық ауруханасының күніне 300 қаралуға арналған емханасы, күніне 75 қаралуға арналған әйелдерге кеңес беру орны Медеу ауданының 34041 бекітілген тұрғындарына (іс жүзінде 4000 астам тұрғындарға) қызмет көрсетеді, 23 мамандық бойынша медициналық жәрдем береді. Емханада қаладағы жалғыз, орта және ішкі құлақ ахуалын зерттейтін, компьютерлік аппаратурамен жабдықталған, сурдологиялық және фониатриялық орталықтар жұмыс істейді.

Рентгенбөлімшесі жаңа жабдықтармен жабдықталған: РДК «Ардиагност-8», цифрлық флюрограмма, радиофизиографы панорамалық цифрлық рентген аппараты және денталық рентген аппараттары бар.

Клиникалық-диагностикалық зертханада түрлі аурулардың диагностикасын жасау мақсатында, жыныс жолдарымен берілетін инфекцияларды нақтылау үшін қан сарысуын зерттеу, репродуктивті аясын, онкомаркерлерді, вирустық гепатиттің маркерлеріннақтылау бойынша иммунды-ферменттік талдаулар жасалады

200 төсек-орынға арналған стационар 4 түрлі бейіндер бойынша қызмет етеді: ересектер бет-жақ хирургиясы, балалар бет-жақ хирургиясы, ересектер отоларингологиясы (ЛОР) және балалар ЛОР хирургиясы.

История ГКБ5
История ГКБ5
История ГКБ5

Ауруханада тәулік бойы бет-жақ аймағы және ЛОР ағзаларының жарақаттары бар ауруларға Алматы қаласы және басқа қала тұрғындарына кепілденген тегін медициналық көмек көлемі шегінде хирургиялық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Осыдан басқа, Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарына кепілденген тегін медициналық көмек көлемі бойынша, бет-жақ хирургиясы және ЛОР аурулары бейіндері бойынша жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді.

ҚР денсаулық сақтаудың осы кездегі кезеңінде инновациялық технологияларды еңгізудің маңызы зор. Осыны түсіне отырып, №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері Ресей, Австрия, Германия, Израиль және АҚШ клиникаларында жаңашыл инновациялық технологияларды меңгеріп жатыр.

Клиникада: есту деңгейін компьютермен тексеру, есту паспортын құрастыру сияқты құлақты зерттеудің заманауи әдістері қолданыста. Бет-жақ пластикалық хирургиясы бөлімшесінде, жақ сүйектеріне аутотрансплантанттар, имплантанттар және титан пластиналарын қолдана отырып, өте күрделі қайта құрылымдау операциялары жасалып жатыр

Балалар бет-жақ хирургиясы бөлімшесін медицина ғылымының докторы С.Б.Нұрмағанов басқарады. Туа біткен және пайда болған беттің, ауыз қуысының, бет сүйегінің ақаулары бар балалардың ата-аналары өз перзенттерін білікті маманған сеніммен тапсырып, балалары толыққанды өмірге қайта оралатынына сенеді. Бөлімшеде есту жолының атрезиясын алып тастау бойынша бірегей операциясы жасалады. С.Б.Нұрмағанов «Есту жолының атрезиясын хирургиялық емдеу әдісі» патентіне иеленді.

Бүгінгі таңда тәжірибелі балалар ЛОР хирургтары компьютерлік сандық есту протездерін қолдана отырып, есту қабілетін жақсарту бойынша өте күрделі, бірегей микрохирургиялық операцияларын жасап, есту қабілетін 100 пайыз қалпына келтіреді. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының тұрғындарына есту қабілетін арттыру бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

2011 жылдан бастап жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

  • Стапедопластика
  • Кохлеарлық имплантация

 

Бет-жақ хирургиясының ең маңызды және ең күрделі бөлімдерінің бірі қайта құрылымдау – қалпына келтіру хирургиясы болып табылады, себебі бет сүйегінің анатомиялық және функционалдық ерекшеліктеріне, өмірлік маңызды ағзалардың өте жақын орналасуына, емделушінің пайда болған ақауына және бетінің косметикалық кемістігінің пайда болуына байланысты психоэмоциялық аухалының бұзылуына байланысты болады.

Аурухананың шығармашылық жетістігіне қызметкерлердің «Үздік жыл дәрігері», «Үздік жыл медбикесі» байқауларына қатысып, жеңіп шыққандарын жатқызуға болады.

  • 2007 жыл – Алматы қаласы және Қазақстан Республикасының үздік дәрігері
  • 2009 жыл – Алматы қаласының үздік дәрігері
  • 2010 жыл – Алматы қаласы және Қазақстан Республикасының үздік дәрігері
  • 2010 жыл – Алматы қаласының және Қазақстан Республикасының үздік медбикесі
  • 2012 жыл – Алматы қаласының провизоры
  • 2012 жыл – Алматы қаласының және Қазақстан Республикасының үздік дәрігері
История ГКБ5
История ГКБ5
История ГКБ5
Қазақ тіліРусскийEnglish