Құрметті, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№5 Қалалық клиникалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын сайтының оқырмандары!
Сіздерге біздің сайтымызға қош келдіңіздер дей отырып, біздің мекемеміз көрсететін медициналық қызметтер туралы пайдалы да оперативті ақпарат ақпараттар алып тұруға шақырамын.
Сайтымыздың беттерінде Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№5 Қалалық клиникалық аурухана» МКК даму тарихы және қызметінің негізгі бағыттары туралы мәліметтермен таныса аласыздар.
№5 Қалалық клиникалық аурухана бірегей замани медициналық жабдықтармен жабдықталған, алайда, ең басты мақтанышымыз – зЛОР аурулары мен бет-жақ аймағының ауруларының замани диагностикасы, емдеуі және сауықтыруы саласында үлкен жетістіктерге қолжеткізген, жоғары білікті мамандар болып табылады. Клиникамыз медициналық қызметтерді тәулік бойы көрсетеді. Бұдан басқа, аурухана құрамында әйелдерге кеңес беру орнымен қамтыдлған, емхана, қалалық сурдо-фониатриялық орталық қызмет етеді. Сіздерге өрсетілетін медициналық қызметтердің жоғарғы сапасын кепілдейміз.
Алматы қ. ДСБ шаруашылық жүргізу құқығындағы
«№5 ҚКА» МКК бас дәрігері – Садықов Болат Нұрмырзаұлы
Садықов Болат Нұрмырзаұлы
№ 5 ҚКА бас дәрігері
Туылған жылы: 04.06.1957
Туылған жері: ҚазССР; Алматы облысы; Талғар қ.
Отбасы жағдайы, туыстары:
- Жұбайы: Тоқсанбаева Раушан Әшімбекқызы (01.01.1965)
- Балалары: қыздары – Зарина (1990), Алтынай (1998)
- Тіл білімі:
- Қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:
- Алматы мемлекеттік медициналық институт (1980)
Дәрігер-хирург
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:
- Медицина ғылымдарының кандидаты, диссертацияның тақырыбы: «Ауыл тұрғындарының замани жағдайларда медициналық көмекке мұқтаждығына ғылыми негіздеме» (2001);
- Медицина ғылымдарының докторы;
- Ресей медицина-техникалық ғылымдар академиясының академигі
Еңбек өтілі:
- Интернатура: Талғар аудандық орталық ауруханасы (1980-1981);
- Дәрігер-хирург:Талғар аудандық орталық ауруханасы (1981-1987);
- Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары (1987-1999);
- Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (1999-2004);
- Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2004-01.12.2008);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы (01.12.2008-05.2011)
Сайланған қызметтері, депутаттық:
- Алматы облысы Мәслихатының депутаты (1999-2004)
Партияға жататындығы:
- «НҰР ОТАН» ХДП мүшесі (2001 ж. бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялары, құрмет атағы:
- Медальдары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 – жыл» (2001), «Шапағат» (2003);
- «Денсаулық сақтау үздігі» белгісі (1997);
- Құрмет грамоталары: Облыс Әкімінің (2003), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министлігінің (2004)
ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:
- Монографияның авторы, баспасөз беттерінде бірқатар жарияланымдары
Әскери қызмет, әскері және арнайы атағы:
- Медицина қызметінің капитаны