Мырзабаева Маржан Жаймұқанқызы – бас дәрігердің ақылы қызметтер бойынша орынбасары, жоғары санатты дәрігер-невропатолог
Еңбек өтілі 42 жыл. Өз еңбек жолын Алматы қаласының жедел мидициналық жәрдем станциясында дәрігер-невропатолог болып бастаған. Алматы Мемлекеттік Медициналық институтының Жүйке аурулары кафедрасында еңбек етті.
20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Емдеу сараптамасымен айналысады. №5 ҚКА статистика бөлімінің меңгерушісі болған, 2011 жылдан бастап бас дәрігердің ақылы қызметтер бойынша орынбасары болып тағайындалды.
Маржан Жаймұқанқызының еңбегі бағалып, Алматы қаласы Әкімінің және Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.