Большанова Майя Өтегенқызы – бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары
Еңбек өтілі 10 жыл. С.Д.Асфендияров ат. Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Педиатриялық факультетін аяқтады. 2007-2008 жж С.Д.Асфендияров ат№1 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында ҚазҰМУ интернатурасын өтті. 2008 ж-дан бастап дәрігер оториноларинголог.
2009-2011 жж аралығында “Болашақ” Халықаралық Президенттік стипендиясы бойынша Пирогов ат. Ресей Мемлекеттіу Медициналық Университетінде «Оториноларингология» мамандығы бойынша, №1 ҚКА базасындағы РМҒА академигі В.Т. Пальчунның кафедрасында (Мәскеу қ.) оқыды.
2011 ж-дан бастап №5 Қалалық клиникалық ауруханасының дәріге оториноларингологы, сарапшы дәрігері және дәрігер эндоскописті болып еңбек етті. Халықаралық шебер кластарына қатысып, (Мәскеу, Санкт-Петербург) үнемі біліктілігін жоғарылатып отырады.
М.Ө. Большанова – ЛОР ағзаларының патологиясы бар науқастарды тексеру және емдеудің замани әдістерін жетік меңгерген, сауатты дәрігер, білікті ұйымдастырушы.