Қазіргі заманғы дәрігердің KPI көрсеткіші
Бүгінгі дәрігердің кәсіби шеберлігін не арттырады?
Ең әуелі оның терең білімі, адамгершілігі, адалдығы, пациентпен тез тіл табыса білуі оның кәсібилігіне тікелей әсер етеді. Дәрігердің көп оқығаны абзал. Қазір өз ісін жіті меңгерген мамандардың заманы. Қарапайым мысал айта кетейін: интернеттің дамыған кезеңінде кез келген науқас адам өзінің ауруы жайлы дәрігерден жақсы біледі. Қант диабетіне шалдыққан жандар не ішіп, не жеу керектігін, таңертең тұрғанда қант мөлшерінің қалай құбылғанын өздері-ақ анықтайды. Заманауи дәрілердің түр-түрін жатқа біледі, бір сөзбен айтқанда өзінің кеселіне қатысты мәліметті жан-жақтан оқып, біліп алады. Ал, дәрігер болса аурудың 200 түрін білуі тиіс. Егер, қазіргі таңда ақ халатты жандар тек қант диабетін емес, басқа да аурулардың түрін науқастан жақсы меңгерген болса , бұл жоғары кәсіпқойлықты көрсетеді.
Медициналық мекеменің болашағы жас мамандардың қолында.Биылғы жылы бізге көп жас маман қызметке келді. Шамамен қызметкерлердің 50% жастар деп айтуға болады. Олардың арасында өз ісіне адал, нағыз кәсіби мамандар аз емес, коронавирус індеті кезінде өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Біз сондай жастардан зор үміт күтеміз. Алдағы уақытта басшылық қызметтерге тағайындау үшін бірқатарын өзім дайындап жатырмын.
№ 5 Қалалық клиника кадр дайындайтын «ұстахана» деп айтуға болады. Биыл қала бойынша біздің клиниканың дәрігері Уәлиева Эльвира ең үздік атанды. Ол «Алматы қаласының ең үздік дәрігері» байқауында бірінші орынды иемденді. Медбикелер байқауында да біздің әріптесіміз 2-ші орынды жеңіп алды. Шын мәнісінде біздің мекеменің жұмысы үнемі қызу қайнап жатады. Күн сайын 400-ге тарта адамды қабылдаймыз, 30-35 адамға ота жасаймыз. Отаның тең жартысы заманауи микроскоптық техникаларды пайдалана отырып жасалады.
Бұған дейін айтып өткенімдей жас мамандар мен мол тәжірибелі дәрігерлердің бірлесе жұмыс істеуі керемет нәтиже беріп жатыр.
В этом году у нас огромный приток молодых специалистов, мы обновили команду на 50%. Среди них есть хорошие специалисты, которые даже во время пандемии коронавирусной инфекции показали себя с достойной стороны. Мы уже сейчас делаем на них ставку и я готовлю некоторых из них на перспективные руководящие должности.
Городская клиническая больница №5 считается кузницей кадров. В этом году лучшим врачом по городу Алматы стала именно наш врач Уалиева Гульнара Эриковна. Она заняла 1 место в конкурсе «Лучший врач города Алматы». В конкурсе медсестер, наша медсестра заняла 2 место.
Здесь действительно огромный объем работы. Ежедневно мы принимаем 400 человек и делаем 30-35 операций. Половина из них делается с использованием новейшей микроскопической техники. Как я говорил ранее, сочетание работы молодых специалистов и врачей с огромным опытом дает хорошие результаты.