Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сай қолға алынған Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.
Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады.
Медицина қызметкерлерінің бірден-бір міндеті халыққа МӘМС жайлы нақты ақпарат тарату болып табылады. Сол мақсатпен № 5 Қалалық Клиникалық Ауруханасының тіс-дәрігері Жақсылықова М.А. және бөлім меңгерушісі Мырзабеков К.М. 2019 жылдың 15-ақпаннында Медеу ауданының № 115 бала-бақшасының тәрбиешілеріне МӘМС жайлы ақпараттық іс-шара өткізді.